Жапонияда эпидемиологиялық ахуал ушықты

Жапониядағы эпидемиологиялық ахуалдың ушығуына байланысты аймақта үшінші мәрте төтенше жағдай режимі жарияланып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамырдың 11-іне дейін елдің төрт бірдей префектурасында карантин жарияланды. Олардың арасында Токио, Осака, Киото мен Хиого префектуралары бар. Билік өкілдері сәуірдің соңында басталатын мерекеден кейін аймақтағы жағдай одан бетер күрделеніп кетуі мүмкін деп дабыл қағады. Жаңа шектеу шараларына сәйкес дәмханалар, сауда орындары, саябақтар, театр мен мұражай жұмыстары шектелетін болады. Қоғамдық тамақтану орындары мен қоғамдық көліктердің жұмыс уақыты да қысқармақ. Ал студенттер онлайн оқу форматына көшеді.