Грекияда сауда орталықтары ашылды

Грекияда алты айдан бері алғаш рет сауда орталықтары ашылып, дүкендерде адам қарасы көбейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ сауда орындарында белгілі шектеулер енгізілген. Мысалы, онда бармас бұрын телефон арқылы хабарлама жіберіп, баратын уақытыңызды ескерту керек. Ал ғимарат ішінде 3 сағаттан артық жүруге болмайды. Қызметкерлер коронавирусқа қарсы аптасына бір рет тест тапсырып тұрады. Бетперде тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтау міндетті. Ережені бұзғандар айыппұл төлейді. Үкімет алдағы апталарда шектеулерді одан әрі жеңілдетуге ниетті.