«Оскар» сыйлығының жеңімпаздары белгілі болды

Лос-Анджелесте «Оскар» сыйлығы 93-ші рет тапсырыла басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әлем көз тіккен іс-шара дәл қазір коронавирусқа байланысты «Union Station» теміржол вокзалында қарапайым жағдайда өтіп жатыр. Алғашқы жеңімпаздар белгілі болды. Атақты «Disney» студиясының «Жан» мультфильмі «Үздік анимациялық фильм»  аталымын жеңіп алды. «Үздік режиссер» атағы «Көшпенділер жері» фильмі үшін Хлоя Чжаоға берілді. Даниялық Томас Винтербергтің «Тағы да бір» деп аталған киносы «Үздік шетелдік фильм» деп танылды. Ұйымдастырушылар алдын ала ескерткендей, бұрынғыдай көздің жауын алатын көйлектерді көрсететін шеру өтіп жатқан жоқ. Бірақ қызыл кілем төселді.

Фрэнсис Макдорманд, «Үздік әйел рөлі» аталымының жеңімпазы:

– Бір өтінішім бар. Біздің фильмді ең үлкен экраннан көріңіздерші. Өте жақын арада білетін барлық адамдарыңызды ертіп, иық тірестіріп отырып, осындай қараңғылау жерде бүгін осында ұсынылған барлық фильмді көріп шығыңыздар.

«Жан» мультфильмі «Үздік анимациялық», «Менің мұғалімім – сегізаяқ» «Үздік деректі фильм» деп ұлықталды. Ал үздік сценарий атағы «Үміт сыйлаушы қыз» киносына берілген. Бұл фильмнің сценарийін британиялық Эмиральд Феннел жазыпты. «Иуда және қара мессия» кинокартинасындағы «Файт фо ю» әні «Үздік түпнұсқа композиция» деп танылды.

Айта кетейік, биылғы «Оскар» сыйлығын тапсыру салтанаты қарапайым жағдайда өтті. Оған 170 қонақ қатысқан.

Сондай-ақ...