Италияның жағалау күзеті бортында шамамен 100 мигрант отырған кемені құтқарды

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, қатты жел мен толқынға тап болған кеменің қозғалтқышы істен шығып кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Абырой болғанда жолаушылардың барлығы дін аман. Құтқарушылар апат орнына дер кезінде жеткен. Қазір кеме Италияның оңтүстігіндегі Калабри портына жеткізілді. Мигранттардың дені қайдан шыққаны анықталып жатыр. Барлығына медициналық көмек көрсетілді.

Сондай-ақ...