Мексикада коронавирус жұқтырғандар саны 2,5 млн-нан асты

Мексикада коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 2 516 905-ке жетті.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Уго Лопес-Гателль Twitter-де хабарлады.

Елда жалпы COVID-19-дан көз жұмғандар саны 215 мыңнан асты.

Ал осы індеттен жазылғандар саны 1,85 млн адамға жетті.