Түркияда екі апталық толық локдаун енгізіледі

Түркияда 3 апталық толық локдаун енгізілді.

Бұл туралы ел президенті Режеп Тайып Ердоған министрлер кабинеті отырысынан кейін мәлімдеді. Ердоғанның сөзінше, елдегі тәуліктік коронавирусқа шалдыққан науқастар санын 5 мыңға дейін азайту керек. Әйтпесе, туризмнен бастап сауда мен білім беруге дейінгі әр сала қиын жағдайда қалуы мүмкін. Жаңа енгізілген ережеге сәйкес, барлық орта білім беру қашықтан оқытуға көшеді. Қалааралық қатынастар тоқтайды. Тек қана ішкі істер министрлігінің рұқсат берген мекемелері жұмыс істейді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейінгі сақтық шаралары 13 сәуір күні жарияланған еді. Күнделікті коменданттық сағат 21:00-ден 19:00-ге ауыстырылып, кез- келген қоғамдық шараларға тыйым салынған болатын.  Түрік билігі, ертеңнен бастап іске қосылатын локдаун мен жаппай вакцинация науқаны арқылы елдегі эпидемологиялық жағдайды тұрақтандыруға ниетті. Осы уақытқа дейін Түркияда 21 миллионнан астам доза екпе егілді. Денсаулық сақтау министрінің сөзінше, алдағы күндерде елде Pfizer Biontech пен Sinovac препаратымен қоса Sputnik V вакцинасы қол жетімді болмақ.

Режеп Тайып Ердоған, Түркия Республикасының президенті:

- Еуропа қалыпты өмірге орала бастаған уақытта, біздің кері қалмауымыз үшін коронавирусқа шалдыққан науқастар санын 5 мыңға дейін азайтуымыз қажет. Әйтпесе, туризмнен бастап сауда мен білім беруге дейінгі әр сала қиын жағдайда қалуы мүмкін.