Жапонияда серуендеу катерінде жарылыс болды

Жапонияның оңтүстігіндегі Окинава префектурасынд серуендеу катерінде жарылыс болды.

Бұл туралы ҚазАқпарат елдің қоғамдық телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға Мотобу қаласындағы кемежайда орын алған. Полициядан хабарлағандай, жарылыс салдарынан бірнеше адам зардап шеккен.

Келеңсіз жағдайдың мән-жайы анықталу үстінде. Жарылыстың катер кемежайда арқанға байланып тұрған кезінде болғаны хабарланды.