427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үндістан билігі ел тұрғындарын үйдің ішінде маска тағуға шақырды

  • 127
  • UPD: 10:19, 27.04.2021
Үндістан билігі ел тұрғындарын үйдің ішінде маска тағуға шақырды

Үндістан тұрғындарына үйдің ішінде медициналық маскалар тағып жүру ұсынылды.

Әсіресе, отбасында коронавирус жұқтырған науқас болса, маска тағу қажет екені айтылуда.

«Үйде де маска тағатын уақыт келді. Инфекция кең таралғандықтан, үйде адамдармен отырғанда маска тағу режимін бастасақ жақсы болады», - дейді дәрігерлер.

Өткен тәулікте Үндістанда коронавирустық инфекцияның 352 991 жаңа жағдайы тіркелді.

Хабар 24 телеарнасы