429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Чехия сенаты ел президентін мемлекетке сатқындық жасады деп айыптауы мүмкін

  • 92
  • UPD: 19:54, 27.04.2021
Чехия сенаты ел президентін мемлекетке сатқындық жасады деп айыптауы мүмкін РИА Новости

Осының алдында Милош Земан 2014 жылғы Врбетицадағы жарылыс туралы мәлімдеме жасаған еді.

Ресми Прага аталған оқиғаға Ресейдің Бас барлау басқармасының жансыздары - Александр Петров пен Руслан Баширывтың қатысы бар деп есептейді. Ал президент 2 нұсқа бар деп белгісіз деректі жайып салған. Осылайша Сенат Земан аталған істі тергеу бойынша құпия мәліметтерді жариялады деп айыптайды. Чехияда қазір Земанның үстінен конституциялық шағым түсіру бойынша қол жиналып жатыр. Осы арыздың негізінде президентке мемлекетке сатқындық жасады деген айып тағылмақ.

Милош Земан, Чехия президенті:

– Біз 2 нұсқа бойынша тергеу жүргізіп жатырмыз. Біріншіден, жарылғыш заттар дұрыс қолдана білмегендіктен жарылуы мүмкін. Екіншіден, шетелдік барлау қызметінің операциясы болуы мүмкін. Егер кінәсі дәлелденсе, Ресей Федерациясы осы лаңкестік әрекеті үшін жауап береді, мысалы, Росатомды Дукованы атом электр станциясының құрылысына қатысты тендерден алып тастаймыз. Бірақ керісінше, бұл күдік жоққа шығарылса, онда бұл ішкі саясатымызға ықпал етуді көздеген тыңшылық ойын деп қабылданады.

Ресейлік дипломат елден қуылады

Еуропалық елдің Сыртқы істер министрлігінің айтуынша, ресейлік дипломаттың іс-әрекеті қызметіне сай емес. Осылайша Румыния Чехияның ұстанымын қолдайтынын білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, өткен апталарда Чехия, АҚШ, Украина, Польша, Словакия, Литва, Латвия және Эстония Ресей елшілігінің қызметкерлерін елден қуған болатын. Ресми Мәскеу де өз тарапынан аталған мемлекеттерге қарымта қайтарып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы