АҚШ AstraZeneca вакцинасының млн-даған дозасын басқа елдермен бөліседі

Бұл туралы Ақ үй өкілдері ресми мәлімдеді.

Қазір бұл елде британиялық-шведтік препараттың үлкен қоры бар. Бірақ бұл екпелер жергілікті құзырлы мекеменің рұқсаты болмағандықтан қолданылмай жатыр. АҚШ-та бұған дейін басқа 3 вакцина мақұлданған. Сондықтан Ақ үй AstraZeneca-ны Үндістан, Канада және Мексика сияқты елдерге беру мәселесін қарастырып жатыр. 

Джен Псаки, Ақ үйдің баспасөз хатшысы:

– Қазір 60 миллионға жуық вакцина өндіріліп жатыр. Сондықтан оларды дәл қазір таратпаймыз. Вакциналар шамамен мамыр немесе маусымда дайын болып қалады.