Мюнхен зообағындағы піл келушілерді сағынып жүр

Коронавирус пандемиясы тек адамзатқа ғана емес, мюнхендік зообақ мекендеушілеріне де қиын тиіп тұр.

Әсіресе індет уақытында дүниеге келген піл баласына оңай емес. Хайуанаттар бағы қызметкерлерінің айтуынша, 22 наурызда ғана туған Отто келушілермен көрісуге асық екен. Бірақ қазір бақ жабық болғандықтан әзірге тек өз-өзімен ойнап, жаңа әлемді өз бетінше зерттеуге мәжбүр екен.

Айта кету керек, Мюнхендегі эпиджағдайдың нашарлауына байланысты мұндағы зообақтар 14 сәуірден бастап қызметін уақытша тоқтатты.