АҚШ-та орман өртінің аумағы ұлғайып барады

АҚШ-тың Сакраменто қаласына жақын маңыдағы орман өртінің ауқымы ұлғайды. Лаулаған жалын таудағы орманды алқаптың 25 шаршы шақырым жеріне дейін жайылып үлгірген.

Мамандардың айтуынша, оған күннің ысуы себеп. Тілсіз жаумен күреске ондаған бригада мен ұшақтар және тікұшақтар қолданылып жатыр. Табиғат апатынан жапа шеккендер туралы ақпарат жоқ. Адамдар қауіпті аудандардан эвакуациялана бастаған. Өрттің неден шыққаны әлі белгісіз.

Сондай-ақ...