Үндістанда аурухана өртеніп, төрт адам көз жұмды

Үндістандағы Мумбра қаласында жекеменшік аурухана өртенді.

Салдарынан кем дегенде төрт науқас көз жұмып, бірнеше адам жарақат алды. 20 пациент эвакуацияланды, оның алтауы жансақтау бөлімінде жатқан.

Мәліметтер бойынша, ауруханадағы науқастардың арасында коронавирус жұқтырғандар болған жоқ. Оқиға орнына үш өрт сөндіру және бес жедел жәрдем көлігі жіберілді, өрт сөндірілді.

Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз.