Жаңа Зеландияда 5,9 балдық жер сілкінісі болды

Жер сілкінісінің эпицентрі Тауранг қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 1143 км қашықтықта болды.

Сейсенбі, 27 сәуірде, Жаңа Зеландияның Солтүстік аралында 5,9 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы АҚШ Геологиялық қызметі хабарлады.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жер асты дүмпулерінің эпицентрі шамамен 110 мың халқы бар Тауранг қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 1143 шақырым қашықтықта орналасқан. Зілзала ошағы он шақырым тереңдікте болған.

Қиранды немесе зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Цунами қаупі туралы хабарламалар түспеген.

Сондай-ақ...