Үндістанға халықаралық ұйымдар көмектесіп жатыр

Үндістандағы эпидемиологиялық ахуал күн өткен сайын қиындап барады. Елде тіркелген жаңа науқастардың саны көбейіп, өлім-жітім көрсеткіші де артып жатыр.

Өткен аптада 320 мыңнан астам адам індеттің ілмегіне іліккен. Шамамен 3 мыңға жуық адам осы кеселден көз жұмды. Қазір індетпен күресу жұмыстарына Қызыл Крест ұйымының волентерлері тартылып жатыр. Сонымен қатар өзге де мемлекеттер медициналық құрал-жабдықтар жіберіп, көмектесіп жатыр. Дегенмен елде әлі де дәрі-дәрмек пен өкпені жасанды желдету аппараттары тапшы. 

Удая Регми, Қызыл Крест ұйымының өкілі:

- Бүгінде  Үндістан коронавирус індетінің ушыққан ошағына айналып отыр.  Қазір елде дәрі-дәрмектен бөлек медициналық қызметкерлер де жетіспей тұр. Бір тәулікте вирус жұқтырып отырған азаматтардың саны 300 мыңнан асады. Жергілікті билік аймақтағы эпидахуалды бақылауда ұстау үшін бар күшін салып жатыр. Бір немесе екі аптадан кейін жағдайдың оңалатынына сенеміз.