429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Израиль Үндістанмен әуе қатынасын тоқтатты

  • 76
  • UPD: 12:29, 28.04.2021

Израиль Үндістанда індеттің күшеюіне байланысты әуе байланысын уақытша тоқтатты. Осы елден келген азаматтар дертке қарсы екпе салдырып, ПТР тест тапсырғаны жайлы анықтамасы болса да екі апта карантинде жатуы міндетті. Бірақ Израильде бұдан басқа коронавирусқа қарсы шектеулер жоқ екенін айтып кету керек. Тіпті көшеде бетперде тағып жүру міндеті де алынып тасталды. 

Нахман Эш, эпидемиямен күрес жөніндегі штаб басшысы:

- Соңғы күндері елде тұрғындардың коронавирустан қайтыс болу деректері тіркелген жоқ. Мұндай жағдай өткен жылдың шілде айынан бері алғаш рет болып тұр. Жалпы індет таралғалы елде 6,5 мыңнан астам адам көз жұмғанын айта кетейік.

Тағы бір қызықты жайт. Израильде пандемия кезінде 2019 жылмен салыстырғанда дәрі-дәрмекке сұраныс төмендепті. Ал локдаун мен бетперде тағып жүру тәртібі кезінде маусымдық тұмау эпидемиясы болмаған. Жалпы елде адамдардың суық тиіп ауруы азайған. Қазір ауруханалар бұрынғы жұмыс істеу қалпына оралып, вакцинаның ықпалы мен жанама әсерлері жайлы түрлі зерттеулер жүріп жатыр. 

Ран Балисер, зерттеу тобының жетекшісі

- Біздің зерттеуімізге қарағанда созылмалы ауруы бар адамға вакцина салдыру керектігін көрсетіп отыр. Біз екпенің коронавирустың асқынуынан тиімді қорғайтынына көз жеткіздік. Бірақ созылмалы ауруы бар адамдар екпе салдырса да абай болуы тиіс. Себебі олардың жұқпалы аурулаға шалдығу қаупі жоғары.

Израильде мейрамхана мен дәмханалар, кәсіпорындар ашылып, экономика толық қуатымен жұмыс істеуге кірісті. Пәтерлерді жалға алуға сұраныс өскен. Себебі індет кезінде жұмыстарынан айырылып, ата-аналарын паналаған жастар жұмыстарына оралып, қайта баспана іздей бастады.

Автор: Сергей Ауслендер

Хабар 24 телеарнасы