Испанияда 5 мың адам қатысқан сынақ-концерттен кейін ешкімге ковид жұқпаған

Барселонада сынақ түрде ұйымдастырылған офлайн концерт оң нәтиже берді. 5 мың көрермен жинаған мәдени іс-шарадан кейін коронавирус індетінің ушығуы байқалған жоқ. 

Бұл Испания дәрігерлері жасаған қорытынды. Ақ халаттылардың мәліметіне сәйкес тәжірибелі түрде өткен концерттен кейін екі аптаның ішінде жаппай індеттің жайылуы орын алған емес. Вирусты жұқтырған бар жоғы 6 науқас қана анықталды. Естеріңізге салайық, офлайн концерт 1 ай бұрын ұйымдастырылған. Келген қонақтардың барлығы Ковид індетін анықтайтын экспресс-тест тапсырған болатын. Маска тағу режимі де жіті қадағаланды. Алайда әлеуметтік ара-қашықтық сақталмады. 

Сондай-ақ...