427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ әскери кемесі Иранның су көлігіне оқ атты

  • 101
  • UPD: 13:06, 28.04.2021
АҚШ әскери кемесі Иранның су көлігіне оқ атты

АҚШ-тың патрульдік кемесі Парсы шығанағында Иран катерлеріне ескерту жасап, оқ атты.

Олар арақашықтықты сақтамай, 62 метрге дейін жақындаған. Әрі бірнеше мәрте ескерту жасалса да оны елемеген. Ескерту оқ атылған соң ғана катерлер қауіпсіз қашықтыққа қарай шегінді.

АЛАЙДА бұл оқиғаға қатысты Иран өз көзқарасын білдіріп, твиттерде былай деп жазды: 

«Ислам революциясы күзетшілері корпусының» кемесі мен Парсы шығанағына басып кірген АҚШ әскери кемесі екеуі бетпе-бет келіп қалды. Бір қызығы, АҚШ өз кемесінің жағалау күзетін атқарып жүргенін айтты. Алайда күзетуге кеме жіберетіндей Құрама Штаттар Парсы шығанағының қай бөлігін «өзінікі» деп санайтыны түсініксіз».

Хабар 24 телеарнасы