429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытай әлемдік қауымдастық алдындағы бір уәдесін орындады

  • 67
  • UPD: 14:25, 28.04.2021

Қытайдың энергетика құрылымында соңғы 15 жылда көмірдің үлесі 72 проценттен 56,8 процентке азайған. Бейжің елде 2030 жылдан кейін 30 жылдың ішінде көмірқышқыл газын таратуды едәуір азайтуға ниетті. Билік алға қойған мақсаттарына жету үшін қандай шаралар қолға алып жатыр.

Қытай әлемдік қауымдастық алдындағы бір уәдесін орындады. Елде өткен жылы таза энергия көздерін пайдалану 15 процентке өсіп, ауаға көмірқышқыл газын тастау көрсеткіші 48 процентке азайды.

Ли Гао, ҚХР экология және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің департамент директоры:

- Климаттың өзгеруі туралы арнайы заң қабылдау маңызды. Экологияны жақсарту - бұл ұзақ мерзімді іс.  Ал жаңа заң осы процесті қолдау болмақ.

Қытайда көбіне ауаны ластап жүргендер өнеркәсіптер. Атмосфераға зиянды қалдықтардың 80 процентін осы өндіріс ошақтары шығарады. Сондықтан елде көмірқышқыл газын шығару бойынша құқықтарды сату енгізілді. Яғни кәсіпорын зиянды қалдықтарды тауар ретінде сатуына немесе сатып ала алады. Билік елдің энергетикалық құрылымын өзгертуді де көздеп отыр.

Чжан Цзяньхуа, ҚХР Мемлекеттік энергетика басқармасының басшысы:

- Баламалы энергия көздерін жан-жақты дамыту қажет. 2030 жылға қарай олардың энергетикалық ресурстарды пайдаланудағы жалпы үлесі 25 процентті құрауы тиіс. Жел мен күн энергиясын пайдалану қуаты 1,2 миллиард киловаттан асады. ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинь халықаралық қауымдастыққа осындай уәде берді.

Бейжің ауыл шаруашылығында химиялық тыңайтқыштарды қолдануды азайтып, қоқысты іріктеуді бақылауға алуға да ниетті. Қазір бұл тек ірі қалаларда жүзеге асырылып жатыр. Соңғы жылдары ауаның ластануы да азайған. Бірақ көмірқышқыл газын шығаруды төмендетуге әлі де көп уақыт қажет дейді мамандар.

Автор: Ботагоз Сыргабаева

Хабар 24 телеарнасы