Бельгияда шаштараздар мен косметология салондары ашылды

Бельгияда аймақтағы кафе, бар мен мейрамханалар 8 мамырға дейін жабық болады. Ал шаштараздар мен косметологиялық салондар жұмысын қайта жандандырды.

Пандемия басталғалы бұл қызмет көрсету саласы 3 мәрте жабылған еді. Кәсіпкерлер бұдан былай жұмыстың тұралап қалмауына елдегі екпе егу науқаны септігін тигізеді деп үміттеніп отыр.

Алекс Генрих, шаштараз:

- Бұған дейінгі локдаунға қарағанда осы жолы карантинде аз отырдық. Енді көктем мезгілінде ісіміз алға басады деп үміттеніп отырмыз. Бұдан былай қиын жағдайға тап болмаймыз деп ойлаймын. Карантиннен кәсіпкерлер де, қарапайым халық та әбден қиналып қалды. Қалтамыз қағылып ғана қоймай, психологиялық тұрғыдан да ауыр болды.