Чилиде аяғы ауыр әйелдерге вакцина салып жатыр

Чилиде жүкті әйелдерге коронавирусқа қарсы екпе егіле бастады.

Pfizer мен BioNTech компаниясының препараты жүктіліктің 16-аптасынан асқандарға салынып жатыр. Бұл шара осы аптадан басталды. Вакцинаны қант диабеті мен семіздік ауруына шалдыққан жүкті әйелдер де қабылдай алады.

Айта кетейік, бүгінде Чили халқының 32 процентіне вакцина салынды. Бұл Латын Америка елдері арасындағы жоғары көрсеткіш.

Жергілікті тұрғын:

- Жақсы бастама деп ойлаймын. Вирус мутацияға ұшырап жатыр. Сондықтан қазірден қорғанғанымыз жөн. Алдымен толық тексерістен өткеннен кейін дәрігерім вакцина қабылдауға рұқсатын берді.

Сондай-ақ...