Пәкістанда карантиннің сақталуын тәртіп сақшылары қадағалауда

Пәкістандағы эпидемиологиялық ахуал көңіл көншітпейді. Елде қауіпті вирус жұқтырғандардың қатары артып барады. 

Азық-түлік емес дүкендер мен өзге де мекемелердің жұмыс уақыты қысқарды. Мамандар болса тұрғындарды талапқа бағынуға шақырып отыр. Ал катаң карантиннің сақталуын полиция өкілдері қадағалайды. Жергілікті билік елдің 16 ірі шаһарындағы тәртіпті қамтамасыз ету үшін арнайы әскерилер жұмылдырылды.