Ригада жатақханадағы өртке байланысты қылмыстық іс қозғалды

Латвия астанасы Ригада өрттен 8 адам қаза тауып, тағы 8-і жарақат алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұдан басқа, 24 кісі қауіпсіз жерге көшірілді. Қайғылы оқиға қала орталығында жатақхана есебінде заңсыз жұмыс істеген үйдің 6-шы қабатында болған. Рига мэрі бұл жерде негізінен шетелден келген еңбек адамдары тұрғанын айтады. Құрбандардың кім және қай елдің азаматтары екені және өрттің нақты неден шыққаны әзірге белгісіз. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, төтенше оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.