Египетте 110 адам жерленген ежелгі мола табылды

Мысырда 110 марқұм жерленген ежелгі мола табылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұны елдің туризм және тарихи жәдігерлер министрлігі мәлімдеді. Қабір Каирдің солтүстік-шығысындағы Дакалия провинциясында табылған. Зиратқа ересектермен бірге балалар да жерленіпті. Бәрінің денелері жақсы сақталған көрінеді. Мамандардың айтуынша, мола перғауындар заманына дейінгі дәуірге қарасты. Қазба жұмыстары кезінде археологтар мумиялармен бірге жерлеу жабдықтары мен саздан жасалған бұйымдарды да тапты.

Сондай-ақ...