429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Британиялық жігіт қашықтан жұмыс істеудің өзгеше тәсілін тапты

  • 112
  • UPD: 00:18, 29.04.2021
Британиялық жігіт қашықтан жұмыс істеудің өзгеше тәсілін тапты

«Естімеген елде көп». 34 жастағы британиялық қашықтан жұмыс істеудің өзгеше тәсілін тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол Ирландия теңізінің жағасындағы жартастың жиегінде отырып, шаруасын тындырады. Джейсон Гриффиннің айтуынша, бұл коронавирус індеті кезіндегі ең күшті жұмыс орны. Тып-тыныш. Кәдімгі кеңседегідей көп адам жоқ. Тек теңіз шуы мен құстар үні естіліп тұрады.

Джейсон Гриффинс, қоңырау шалу орталығының кеңесшісі:

- Жартаста салбырап тұрған кеңседе күні бойы жұмыс істеймін. Осы құзда отырып қоңырауларды қабылдаймын, әріптестермен сөйлесемін, осылайша, қашықта жұмыс істеудің жаңа үлгісін көрсетемін.

Ейд Маккормак, диджитал стратег:

- Цифрлық көшпенділіктің дамып келе жатқанын көріп отырмыз. Адамдар бір кеңсеге байланып жұмыс істегісі келмейді. Ең бастысы интернетің, технологияң және әрине, ноутбугың болса жеткілікті. Бәріміз цифрлық цунамидің келе жатқанын ғана көрдік, бірақ COVID-19 түрінде биологиялық цунамидің келе жатқанын аңғармай қалдық. COVID-19 – индустриялық дәуірдің аяқталғанын білдіретін бейресми рәсім. Қашықтан жұмыс істеу бұрыннан күн тәртібінде тұрған болатын. COVID-19 осы үдерісті 10 жылға тездетті.

Хабар 24 телеарнасы