Үндістанда ауруханадағы өрттен төрт науқас ажал құшты

Үндістанда ауруханада өрт шығып, 4 науқас ажал құшты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қайғылы оқиға Мумбаи қаласының маңында болған. Марқұмдар өрт кезінде емес, басқа емдеу мекемелеріне апара жатқанда көз жұмған. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, ауруханада жалпы 200-дей адам емделіп жатқан. Көбі жансақтау бөлімінде болған. Алдын ала ақпарат бойынша өрт электр тұйықталуынан шыққан. Соңғы кездері Үндістандағы ауруханаларда төтенше оқиғалар жиілеп кетті. Өткен аптада коронавирус науқастарына арналған емдеу мекемесінде өрт шығып, 13 адам қайтыс болған еді.