Ресейдегі еуропалық төрт елдің дипломаттары Отанына қайтарылады

Ресейдің Сыртқы істер министрлігі 4 еуропалық елдің елшісін еліне қайтарады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың арасында Словакияның 3, Литваның 2, Латвия және Эстония дипломаттары бар. Елшілік қызметкерлеріне елден кету үшін 1 апта уақыт берілді. Ресми Мәскеу аталған 4 мемлекетті өткен аптада ресейлік дипломаттарды елден қуған Чехияға болысты деп кінәлайды. Ресми Прага Ресей билігі 2 жансызы арқылы 2014 жылы қару-жарақ қоймасында жарылыс жасады деп айыптайды.

Марис Риекстиньш, Латвияның ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі:

- Әңгіме кәсіби деңгейде болды. Ресейлік әріптестер өз міндеттерін орындады. Біз оларды тыңдап, кейбір мәселелерге түсініктеме бердік. Бар болғаны осы.