АҚШ-тың Атланта қаласында ерекше баспана пайда болды

Мамандардың айтуынша, бұл әлем бойынша тіркелген 28-ші «жасыл үй» екен.

Бір жыл бақылауда болған баспана айналаға пайдасын көбірек тигізген. Мұндай стандартты «Халықаралық Болашақ институты» жүргізеді. «Жасыл үйдің» құрылысына жасампаз идеяларды қолдайтын жергілікті қор 25 миллион доллар қаржы бөлген. Ғимарат қаланың кәріз және су құбырына қосылмаған. Үй жаңбыр тамшыларын жинап, оны тазартып, ауыз су өндіреді. Оның орнына құбырлар арқылы салқын су тартылған. Бау-бақшасы түрлі жеміс-жидекке толы.

Шан Арора, «Жасыл үй» жобасының директоры:

- Бұл үйдің басты ерекшеліктерінің бірі - күн панельді шатыры бар. Ол қажет энергиядан 2 есе көп электр қуатын өндіреді. Биологиялық қалдықтарды сыртқа тастамай, қайта өңдейміз.

Сондай-ақ...