Атлант мұхитында 24 мигранттың мәйіті табылды

Атлант мұхитында қаза тапқан 24 мигранттың денесі Тенериф аралдарына жеткізілді.

Испанияның әскери ұшағы суда қалқыған қайықты сәуірдің 26-сында анықтаған болатын. Бортында 17 адамның мәйіті мен аман қалған 3 мигрант бар еді. Тірі қалған 2 ер адам мен 1 әйел адам тікұшақпен жедел ауруханаға жеткізілді. Мамандардың іздестіру операциясының арқасында мұхитта мерт болған тағы бірнеше адам табылды. Осылайша олардың саны 24-ке жеткен. Құтқару жұмыстарының арқасында екінші қайықтағы тағы 41 мигрант өлім аузынан аман қалды.

Айта кетейік, коронавирус пандемиясына қарамастан өз елінен бас сауғалап қашқан босқындар мен заңсыз кірмелердің саны 2020 жылы өткен жылдармен салыстырғанда 8 есеге артып кеткен.