Гаитиде жол апатынан 21 адам қаза тапты

Гаитидің орталық бөлігіндегі Вильямсон қаласы маңында екі қалааралық автобус соқтығысты.

Апат салдарынан кем дегенде 21 адам қаза тапты.

Жарақат алған бірнеше адамның жағдайы ауыр. Зардап шеккендердің барлығы жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді.