427,14 517.06 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытайда балабақшаға жасалған шабуылдан екі адам көз жұмды

  • 153
  • UPD: 11:51, 29.04.2021
Қытайда балабақшаға жасалған шабуылдан екі адам көз жұмды

Қытайдың Бэйлю қаласындағы балабақшалардың біріне белгісіз біреу пышақпен шабуыл жасады.

Соңғы мәліметке қарағанда, зардап шеккен екі адам қайтыс болыпты. Қанды оқиғадан 16 бала мен 2 тәрбиеші жарақат алған болатын. Барлығы дәрігерлердің көмегіне жүгінді. Бастапқыда мамандар екі баланың ауыр халде жатқанын хабарлаған еді. Қылмыстық оқиғаға қатысты күдікті ұсталды. Тергеу ісі жалғасып жатыр. Оның бұл қадамға не үшін барғаны әлі белгісіз. Болжам бойынша қаскөйдің психикалық ауытқуы бар болуы мүмкін. Ал жергілікті тұрғындар ауруханадағы зардап шеккен 16 адамға белсенді түрде қан тапсыруға кірісті.

Хабар 24 телеарнасы