Пәтерін жөндеуге көп қаржы жұмсаған Борис Джонсон тергеледі

Пәтерін жөндеуге көп қаржы жұмсаған Борис Джонсон тергеледі

Ұлыбританияда Сайлау комиссиясы премьер-министр Борис Джонсонның пәтерін жөндеуге мол қаржы жұмсауын тергеуге кірісті.

Себебі үкімет басшысы баспанасын жаңартуға 200 мың фунт стерлинг жұмсаған. Және оның бір бөлігін Консервативтік партия донорының бөлген қаржысы есебінен төлеп, оны жарияламаған. Ал заң бойынша Джонсонның пәтерін жөндеп ұстауға қазынадан жыл сайын 30 мың фунт бөлінеді. Премьер-министр одан артық қаржы жұмсап жатса, оны қайдан алғанын министрлерге ескерту керек. Бірақ Джонсон пәтерді өз ақшасы есебінен жөндегенін айтты.