427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркия Ресейден 50 млн доза вакцина сатып алады

  • 96
  • UPD: 14:09, 29.04.2021
Түркия Ресейден 50 млн доза вакцина сатып алады

Анкара Мәскеуден 50 миллион доза «Sputnik V» вакцинасын сатып алу туралы келісімге келді.

Түркия препаратты 6 ай ішінде алуға ниетті. Ресейлік екпенің алғашқы легі келесі айда жеткізіледі. Анадола елі осы уақытқа дейін Қытайдың «Sinovac Biotech» және «Pfizer- BioNTech» вакциналарын қолданып келді. Қазірде елде 22 миллион доза екпе салынды. Бірер күн бұрын Ресейдің тікелей инвестициялар қоры түріктің «Висжоран Илач» компаниясымен «Sputnik V» вакцинаның Түркияда өндіру бойынша келісімге келген.

Фахреттин Қожа, денсаулық сақтау министрі:

- Вакцина өндірушілер саны күн санап көбейіп келеді. Елімізде екі түрлі екпе егілетінін өздеріңіз де білесіздер. Енді үшінші вакцина ретінде «Sputnik V» препаратын пайдалануды жоспарлап отырмыз. Қазір оны сатып алу туралы келісім жасадық. Түркия алты айда бұл вакцинаның 50 миллион дозасын жеткізбек. Екпенің алғашқы легі мамыр айында келеді.

Хабар 24 телеарнасы