Колумбия халқы полициямен қақтығысты

Колумбия халқының ұйымдастырған ереуілі тәртіп сақшыларымен қақтығысқа ұласты.

Богота көшелеріне жиналған мыңдаған жұрт биліктің салық реформасына қарсылығын білдірген. Наразылар карантинге қарамастан ереуілді тоқтатпаймыз деп бекінді. Жергілікті билік онсыз да көңіл көншітпей тұрған эпидахуалды бұл шара одан бетер ушықтыра түсуі мүмкін деп ескертеді.