АҚШ-та 65 жастан асқан азаматтардың 70% вакцина алды

АҚШ президенті Джо Байден халыққа жасаған алғашқы үндеуінде пандемия аяқталған соң қатерлі ісік, қант диабеті және Альцгеймер аурруларын емдеуге ерекше назар аударылатынын мәлім етті.

Ол үшін ел қазынасынан қаржы бөлу жоспарланып отыр. Бұл туралы ол Капитолий ғимаратында өткен Конгрестің кезекті отырысында хабарлады. Сонымен қатар Ақ үй басшысы пандемиямен күрес, су инфрақұрылымын қалпына келтіру, климаттың өзгеруі мен жұмыс орындарының ашылуы жайында да сөз қозғады.

Джо Байден, АҚШ президенті:

- Мен қаңтардың 20-сы күні ант берген кезде елімізде коронавирусқа қарсы вакцинаны қарттардың 1 процентінен аз ғана бөлігі алған еді. Қазір 100 күн өткеннен кейін елімізде 65 жастан асқан азамттардың 70 проценті вакцина алды. Егде адамдардың коронавирустан қайтыс болуы 80 процентке азайды. Бірақ вирусты толық жеңу үшін алда көп жұмыс күтіп тұрғанын бәріңіз білесіздер. Біз қырағылығымызды жоғалтпауымыз керек.