Қытай көкке алғашқы ғарыш станциясының негізгі модулін ұшырды

Осы арқылы Қытай елі әлемдегі ең ірі ғарыш нысанының құрылысын бастады.

Зымыран тасығыш Жер орбитасына 22,5 тонна капсуланы жеткізеді.

Айта кетейік «Тяньгун» немесе «Аспан сарайы» деп аталатын ғарыш станциясы 3 бөліктен тұрады. Оның жалпы - салмағы 70 тонна. Модульдің негізгі бөлігі зерттеулер жүргізуге арналған. Ғарыш станциясын құру Қытайдың пилоттық ғарыш бағдарламасын жүзеге асырудың бастамасы болмақ. Бұл жоба 1992 жылы бекітілген.