427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қырғыз-тәжік шекарасында атыс болды

  • 165
  • UPD: 17:48, 29.04.2021

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында қарулы қақтығыс болды.

«24 КейДжи» порталының мәліметі бойынша оқ Баткен ауданының Көк-Таш ауылында атылған. Жергілікті тұрғындар тәжік сарбаздарынан су тарататын бекетте орнатылған видеобақылау камерасын алып тастауды талап еткен. Бірақ 2 жақ тіл табыса алмай, бір-бірін тілдеп, тас лақтыра бастаған. Ақыры соңы куәгерлердің айтуынша, атысқа және тіпті жарылысқа ұласқан. Тәжік тарапынан 2, қырғыз жақтан 4 адам жарақат алған. Барлығы бейбіт тұрғындар. Қақтығыс әлі тоқтаған жоқ. Сондай-ақ Бішкекте Баткен ауылының халқын қолдаған шеру өтіп жатыр. Ереуілшілер президент, премьер-министр және Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасын кездесуге шақыруда.

Хабар 24 телеарнасы