Венесуэла мен Колумбияның шекарасында қақтығыстан 8 сарбаз қаза тапты

Венесуэлада Колумбиямен шекарадағы қақтығыстан 8 сарбаз қаза тапты.

Әскерилер ел аумағына заңсыз өтпек болған қылмыстық топ мүшелерімен атысқан. Бұл туралы Венесуэланың Қорғаныс министрі жергілікті телеарна арқылы хабарлады. Қақтығыс 3 күнге созылған. Жарақат алған жауынгерлер де бар, бірақ олардың саны әлі белгісіз.

Владимир Падрино, Венесуэланың қорғаныс министрі:

- Өкінішке орай, ұландарымыз Отанымызды шекарадан заңсыз өткен колумбиялық қылмыстық топтардан қорғау жолында құрбан болды. Еліміздің аумағына басып кіруге ниетті қаскүнемдерге қарсы тұрамыз.