Қырғыз-тәжік шекарасындағы атыстан 11 адам жараланды

Қырғыз-тәжік шекарасындағы атыстан 11 адам жараланды

Қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыстан зардап шеккендер саны 11 адамға жетті. Қырғызстанның Баткен облыстық ауруханасына оқ тиіп, жарақат алған 7 кісі түсті.

Бұл туралы біздің телеарнаның қырғыз еліндегі тілшісі Бақыт Чермашев мәлімдеді.

Баткен ауданының Көк-Таш ауылының тұрғындары тәжік сарбаздарынан су тарататын бекетте орнатылған видеобақылау камерасын алып тастауды талап еткен. Бірақ екі жақ тіл табыса алмай, бір-бірін тілдеп, тас лақтыра бастаған. Соңы куәгерлердің айтуынша, атысқа және тіпті жарылысқа ұласқан. Бішкекте Баткен тұрғындарын қолдаған шеру өтіп жатыр. Үкімет үйінің жанына Қырғызстанның оңтүстік аймақтарынан шыққан 500-ге жуық адам жиналды. Олар Тәжікстанға жер бермеу керектігін айтып, жергілікті тұрғындарды шекаралас елдердің азаматтарының шабуылдарынан қорғауды талап етуде.