Әлем елдері халықтың вакцинаны тезірек алуы үшін түрлі амал жасауда

100 миллионға жуық американдық енді көшеде маска тақпай жүре алады. Өйткені дәл осыншама тұрғын коронавирусқа қарсы екпенің екі дозасын қабылдап қойған екен. Дегенмен, билік адам көп жиналатын шарада қорғаныш құралы қажет болатынын айтады. Мәселен, концерт көшеде өтсе де оған бетперде тағып келу керек. Өйткені адам көп. Жаңа ережені естіген тұрғындардың қуанышында шек жоқ.

БЛИЦ:

- Бұл жақсы жаңалық болды. Өйткені менің итім бар. Яғни жиі серуендейміз. Саябақта көп уақыт өткіземін. Қазір күн ыстық. Мұндай ауа райында маска тағу ыңғайсыз болар еді.

- Жақсы болды ғой. Мен қаланың орталық ауданында тұрамын. Мұнда кісі көп шоғырланған. Сондықтан үнемі маскамен жүретін едім. Енді оны тақпайтыным дұрыс болды.

АҚШ-тың Батыс Вирджиния штатының билігі халықты екпеге ынталандырудың тың әдісін ойлап тапқан. Енді 16 мен 35 жас аралығындағы тұрғын вакцина қабылдаса, 100 долларлық сақтандыру бонусын ала алады. Неге бұл жеңілдік тек жастарға ғана беріліп отыр деген сауал туындайды. Оның себебі мынада. Штат аумағындағы жастардың дені екпе салуға немқұрайлы қарайтын көрінеді. Ал мамандар бұл қарттардың қауіпсіздігіне тікелей қатысы бар екенін айтады. 

Энтони Фаучи, АҚШ Бас инфекционисі:

- Рас, жастардың ковидті жұқтыру ықтималдылығы төмен. Жұқтырған күннің өзінде де қарттар сияқты ауыр халге түсуі сирек тіркеледі. Бірақ жастар өзінің жалғыз басын ғана ойламауы қажет. Өйткені вакцина алмасаңыз вирусты жұқтыру қаупі жоғары. Яғни бір жас жігіт ауырып қалды делік. Ол айналасындағы егде жастағы тұрғындарға вирус жұқтыруы мүмкін. Ал бұл қарт адамдар үшін өте қауіпті. Соны естен шығармаңыздар.

Джим Джастис, Батыс Вирджиния штатының губернаторы:

- Біздің штатымыздағы жастардың саны 380 мыңға жуықтайды. Солардың барлығы вакцина салдыруы тиіс. Құлақтарыңызға алтын сырға. Екпенің бір дозасын алсаңыз, 100 долларлық сақтандыру облигациясын береміз.

Ал Мәскеуде «Миллион сыйлық» атты бағдарлама іске қосылды. Оған сәйкес, жасы 60-тан асқан тұрғындар коронавирусқа қарсы екпе салдыру кезінде бір мың рубльге тең сыйлық картасын алады. Бұл теңгеге шаққанда 5 жарым мыңнан асады. Карта вакциналау орталығында беріледі. Тұрғындар кейін бұл ақшаны бағдарламаның серіктес дүкендері, дәмханалары мен дәріханаларында жұмсай алады. Алайда биліктің бастамасы кейбір мәскеуліктердің көңілінен шықпағанға ұқсайды.    

Нина, жергілікті тұрғын:

- Ол бір мың рубльді ешкім қолымызға ақшалай беріп жатқан жоқ. Ал сыйлық картасын қолдану үшін қалада бағдарламаның серіктес дүкендерін іздеп жүретін шама жоқ. Бұл ақылға қонымсыз дүние.

Осы Ресейдің Хабаровск өлкесі билігінің де бастамасына қатысты сын көбейді. Мұнда жасы 60-тан асқан тұрғындар Пасха қарсаңында екпе салдырса, тегін 10 жұмыртқа ала алады. Алайда идея көбінің көңілінен шықпады. Халық «бұл биліктің қай сасқаны» дейді.

Вакцина қабылдаған тұрғындарға жеңілдік беру жағын Грузия билігі де қарастырады. Ауруларды бақылау Ұлттық орталығының басшысы екпесі бар азаматтарға коменданттық сағат кезінде қоғамдық орында жүруге рұқсат беру бастамасын көтерді. Қазір коронавируспен күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссия осы мәселені қарастырып жатыр. Жақында «вакциналау офицерлері» пайда болуы мүмкін. Олар халық арасында екпенің нәтижелері, пайдасы мен қауіп-қатері жайлы түсініктеме жұмыстарын жүргізеді.

Сондай-ақ...