Пәкістанда ковидтен өлім-жітім көбейді

Үндістанда коронавирус құрбандары бойынша жаңа жоғары көрсеткіш тіркелді. Соңғы мәлімет бойынша індеттен қайтыс болғандар саны 3600-ден асқан. Елдің Денсаулық сақтау министрлігі соңғы 3 күнде Ковид-19 жұқтырғандар қатары 1 миллионға жеткенін хабарлады.

Ауруханаларда орын жоқ. Науқастар үйлерінде, жедел жәрдем көліктері мен емханалардың сыртында қайтыс болып жатыр. Үнді елінде наурыздың аяғында жергілікті штамм тіркелген болатын. Көршілес Бангладеш коронавирустың таралуын шектеу үшін Үндістанмен арадағы шекараны 2 аптаға жапты. Соңғы күндері індет жұқтырғандар саны 800 мың адамға жуықтады.

Жасимуддин, күзетші:

- Бұл зиратқа күніне кемінде 20 адам жерленеді. Қабірлерді алдын ала қазып, дайындап қоямыз. Ел бойынша мыңдаған адам қайтыс болуда.

Пәкістанда да өлім-жітім көбейді. Соңғы мәліметке сәйкес, елде 200-ден астам адам көз жұмған. Билік мамырдағы Ораза айт мерекесі өткенге дейін аймақтар арасындағы жүріс-тұрысқа тыйым салды. Оңтүстік Азиядағы Непалда коронавирустың 2 рет мутацияға ұшырайтын түрі таралып жатыр деген қауіп бар. Бұл елде қазір күніне бірнеше мыңдаған адам індет жұқтырады. Ковид-19-дың таралуын шектеу үшін ел астанасы Катманду мен маңайында 2 аптаға локдаун жарияланды.

Сондай-ақ...