Египетте туризм саласында еңбек еткен мыңдаған адам мамандығын өзгертуге мәжбүр

Пандемия Египеттің еңбек нарығында нағыз төңкеріс жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Саяхатшылардың келмеуінен туризм саласында еңбек еткен мыңдаған гид пен менеджер мамандығын өзгертуге мәжбүр.

Кәдесый сатушылар күнкөріс үшін курорттық аймақтарды тастап, өзге өңірлерге кеткен. Билік мұндай дағдарыс бұрын-соңды болмағанын айтады. Бірақ Туризм саласының құлыдаруы ауыл шаруашылығының жандануына көмектескен.

Дмитрий Лукша, тілші:

- Хафез Собхи осыған дейін туризм саласында жұмыс істеп келген. Себебі 5 тіл білетін ол үнемі елге келген қонақтарды күтіп, экскурсия өткізетін. Алайда коронавирус атты айтпай келген ауруға байланысты 8 ай жұмыссыз қалып, ақырында бағын басқа салада сынауына тура келді. Енді ол фермер.

Хафез Собхи, фермер, бұрынғы экскурсия жетекшісі:

- Пандемия кезінде аккредитациясы мен сертификаты бар гидтердің 90%-і жұмыссыз қалды. Тек Хургаданың өзінде 2,5 мыңдай гидтің нәпақа таба алмай, кәсібін өзгерткенін білемін. Біреу автобус жүргізушісі болып жұмыс істесе, енді бірі репетиторлыққа бет бұрған. Жүздеген кісі ауыл шаруашылығына кетті. Өз басым бастапқыда қатты қиналдым. Кейін үйрендім. Бастысы, отбасым аш отырған жоқ.

Ай сайын 40-80 доллар көлеміндегі мемлекеттік жәрдемақы тек Туризм министрлігі немесе басқа кәсіби қауымдастықта тіркелгендерге ғана берілді. Бірақ мұның өзі кәсіби мамандардың күнкөрісі үшін жеткіліксіз болды. Заңсыз еңбек еткендер болса, тіпті қиналды. Өйткені қысылтаяң кезеңде мемлекеттен өтемақы алуға құқығы болмады.

Самир Дония, Хургада мэриясы жұмыспен қамту бөлімінің заңгері:

- Бізге бірнеше тіл білетін азаматтар көптеп келеді. Оларды ауылды жерлерге жіберетінімізді айтқан кезде қатты қуанады. Себебі егістік алқаптары жұмыссыз қалғандар үшін таптырмас мүмкіндік болып тұр. Жалақылары да жақсы. Екінші орында мектеп пен университеттегі қызмет тұр. Бірақ үміткер көп. Бір орынға шамамен 200 адамнан таласады. Негізі Египет секілді туристік елге гид қызметі қашан да қажет болды. Жұмыс іздеушіден тек білім мен біліктілік талап етілді. Бірақ қазір бұл критерийлер мүлде маңызды емес.

Туристік сектор қызметкерлерінің кәсібін мәжбүрлі өзгертуден гөрі ішкі туризм сақтап қалу тиімді. Бұл індеттен жойылып кетуге шақ көше саудасын да жандандыруға көмектесе алады. Бірақ кәсіпкерлердің пікірінше, жергілікті тұрғындар шетелдіктер сияқты қаржы жұмсағысы жоқ. Ал бұл бизнесмендерге тиімсіз. Сондықтан кәсіпкерлердің мемлекеттің қолдауы мен саяхатшылардың қайта оралуын күткеннен басқа амалы жоқ. Ал ресми дерекке сүйенсек Мысыр карантин шектеулерінен ай сайын 1,5 миллиард доллар кірісінен айырылып жатыр екен.

Авторлары: Дмитрий Лукша, Светлана Брахмит, Амр Мурад