Израильде діни мереке кезінде ондаған адам тапталып өлді

Израильдің солтүстігінде діни мереке кезінде дүр-белең туып, 44 адам тапталып өлді, деп хабарлайды «Хабар 24».

150-дей кісі жарақат алды.

Оқиға Галилея аймағындағы Мерон тауында болды. Діни мейрамға жүз мыңнан аса адам жиналып, жүретін жер болмай адамдар бір-бірін итерген. Кей ақпарат құралдары қайғылы оқиға сахнаның құлауынан басталғанын айтады. Жапа шеккендер тікұшақтармен эвакцуацияланды. Үкімет басшысы Биньямин Нетаньяху марқұмдардың жақындарына қайғырып көңіл айтты. Билік опат болғандар саны артуы мүмкін деп отыр.

Куәгер:

- Мен оқиғаның һ ішінде болдым. Мерекеде 60-70 мың адам болды-ау деймін. Олардың көп болғаны соншалық, тіпті аяқ алып жүре алмай қалдық. Халық бір-бірін итеріп, кейбіреулері жаншылып, құлай бастады. Бастырылып қалған кісі көп.

Сондай-ақ...