Германияда бір күнде бір миллион адам вакцина салдырды

Германияда вакциналау шарасы қарқындай түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Учаскелік дәрігерлер мен вакциналау орталығының қызметкерлері бір күнде 1 миллион адамға екпе салды. Бұл жаңа рекорд. Бұған дейін елде вакцинаның бірінші дозасын 21 миллион адам, екінші дозасын 6 миллион тұрғын алған. Енде епке ектіргендер ПТР-тестсіз көрме, концерттерге, сән салондарына бара алады. Шетелден келсе, оқшауланбауына болады. Бірақ халықты вакциналау қарқынды жүргізіліп жатқанына қарамастан елде вирусты жұқтырғандар саны азамай тұр. Соңғы бір тәулікте вирусты 26 мың адам жұқтырып алды.

Йенс Шпан, Германия денсаулық сақтау министрі:

- Елде вакциналау шарасы күн сайын жақсарып келеді. Біздің болжамымыз бойынша маусым айында Германияда осал топтардың барлығын вакциналауды аяқтауымыз мүмкін. Бұл тұрғындар вакцинаны бір аптаның ішінде алады дегенді білдірмейді. Адамдар жазылып өзінің кезегін күтуі керек.