Қырғыз-тәжік шекарасында атыс қайта басталды

Қырғызстанның «24 Ки-Джи» порталының хабарлауынша, қырғыз-тәжік шыкарасындағы «Қызыл-Бел» ауылында атыс қайта басталған.

Оқ Тәжікстан тарапынан атылған. Бұл жағдайға Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті әзірге түсініктеме берген жоқ. Қырғызстанның ақпарат құралдары таратқан соңғы дерек бойынша қақтығыстан жарақат алғандар саны 200 адамнан асты. 13 адамның қаза тапқаны туралы ресми дерек бар. Сондай-ақ Қырғыз елінің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекет комитет тәжіктердің Баткен ауданындағы шекара бекетін басып алғанын және Лейлек ауданындағы ауыл басшысының ұрлағанын жоққа шығарды. Бұған дейін тараған ақпарат жалған болып шықты.

Еске сала кетейік, Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы қарулы қақтығыс 28 сәуірде Баткен ауданының Көк-Таш ауылында суды бөлу бекетінде басталған. Жергілікті тұрғындар тәжік сарбаздарынан бекеттегі бейнебақылау камерасын алып тастауды талап еткен. Алдағы жаңалықтарда қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдай туралы соңғы ақпараттарды хабарлайтын боламыз.