Ресейдегі АҚШ елшілігі дипломатиялық емес визалар беруді тоқтатты

АҚШ-тың Ресейдегі елшілігі 12 мамырдан бастап дипломатиялық емес барлық визаларды беруді тоқтатты.

Бұл туралы аталған мекеменің сайтында жарияланды. Дипломатиялық миссия осындай үлкен өзгерістер кезінде америкалық азаматтарға төлқұжат ауыстыру мен туу туралы куәлік беру ісінде қиындықтар туындайтынын ескертті. Бұған дейін Ресей билігі АҚШ үкіметіне шетел азаматтарын жұмысқа жалға алуға тыйым салған. Визаға қатысты шешім осыған байланысты шықты. АҚШ елшілігінің Мәскеудегі консулдық бөлімінде штат саны 75 процентке қысқарады.