Израильде 2 мамыр қаралы күн деп жарияланды

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху 2 мамырды қаралы күн деп жариялады.

Кеше түнде елдің солтүстігінде Мерон тауында діни мерекені тойлау кезінде адамдар бірін-бірі таптап, 45 тұрғын қаза тапты. Тағы 150 кісі жарақат алған. Куәгерлердің айтуынша, жиналғандар кептеліс екенін басында түсінбеген. Бұл туралы оларға ұйымдастырушылар дауыс зорайтқышпен хабарлаған. Нетаньяху бұл оқиғаны мемлекет үшін ауыр апат деп атады.