Ливанда бірнеше ондаған тонна балық қырылып қалды

Ливанның батысында Караун көлінде ондаған тонна балық қырылып, жағаға шығып қалды.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, төтенше оқиғаға су қоймасының ластануы әсер еткен. Мысалы, пластик бөтелкелер мен басқа да қоқыс қалдықтары басып қалған. Экологиялық белсенділер билікке жылдар бойы ескерту жасап келе жатқанын айтады. Бірақ бұған құзырлы органдар құлақ аспай келеді. Сарапшылар балықшыларды балық аулауды тоқтатуға шақырып әлек. Ауламайын десе, ол жергілікті жұрттың бірден бір күнкөріс көзі. 

Ахмад Аскар, белсенді:

- Кеше жергілікті билік өлген балықты жинап, қоқысқа тастауды тапсырды. Бірақ бүгін жағада тағы да қырылған балық пайда болды. Қоқысқа апарып, жылы жауып қою дұрыс емес. Мәселе бұлай шешілмейді. Билік қылмыстың ізін жасыруды қалап отыр.

Сондай-ақ...