Ауғанстандағы жарылыс түлектердің оқуға түсу емтиханын тапсыру кезінде болған

Ауғанстанда мина қойылған автокөлік жарылып, отыз адамның өмірін қиды.

Қайтыс болғандар арасында мектеп оқушылары да бар. Куәгерлер оқиға пансионның маңында орын алғанын айтады. Дәл сол жерде университетке түсу үшін емтихан тапсыруға келген жасөспірімдер сөйлесіп тұрыпты. Жарылыстың қатты болғаны соншалық ғимарат шатырын жұлып кетіп, біраз адам үйінді астында қалған. Жапа шеккендердің саны 96.

Лаңкестер тарапынан белсенділік АҚШ президенті Джо Байденнің шешімі шыққаннан кейін өршіп кеткен. Ақ үй басшысы Ауғанстандағы АҚШ әскерлерін 11 қыркүйекте елден әкететінін мәлімдеді. Бұл «Талибан» қозғалысының өкілдеріне ұнамай тұр. Өйткені бұған дейін олар экс-президент Дональд Трамппен келісімге келіп, Америка қарулы күштері бірінші мамырда Ауғанстаннан кететін болған.