Қырғызстан 1-2 мамырды аза тұту күні деп жариялады

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров республикада 1-2 мамырды ұлттық аза тұту күндері деп жариялағаны туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Кабар ақпараттық агенттігі хабарлады.

29-30 сәуір күндері Баткен облысындағы қырғыз-тәжік шекарасындағы қарулы қақтығыс салдарынан көп адам қаза тауып, зардап шеккен. Олардың арасында бейбіт тұрғындар да, әскери қызметкерлер де бар.

Қарулы қақтығыс салдарынан бейбіт тұрғындардың және заңды тұлғалардың мүлігі айтарлықтай зақымдалған.

Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметі бойынша қарулы қақтығыс салдарынан 31 адам қаза тауып, 154 адам зардап шеккен.